Шымкентте кафе маңындағы атыстан бір адам мерт болды

414
Шымкентте кафе маңындағы атыстан бір адам мерт болды

Өткен демалыс күндері Шымкентте тыныш болған жоқ. Таң ата болған атыстың кесірінен бір адам мерт болған.

Қайғылы оқиға «Камшат» кафесі маңында болған. Іште ерегіскендер сыртқа шығып төбелесіп, оның соңы қайғылы аяқталды. Куәлердің айтуынша, бірнеше ер кісі төбелескен.

Шымкентте кафе маңындағы атыстан бір адам мерт болды

Оқиға орнына келген криминалистер атылған 7 оқтың гильзасын тауыпты. Ал мерт болған адамның денесі кафеден бір орам алыс жерден – Тәуке хан даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысында жатыр. 30 жастағы марқұмның кеудесінде пышақ жарақаты бар. Қазір осы іске қатысты қылмысты іс қозғалып, тексеру жалғасуда.