Халыққа қызмет көрсету орталықтары 12 сағат қызмет көрсетеді

505
Шымкент тұрғындары қаладағы кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында уақытша тіркеуге тұра алады

Шымкент тұрғындары қаладағы кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында уақытша тіркеуге тұра аладыНазар аударыңыз, маңызды ақпарат! Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары 12 сағат қызмет көрсетеді. Бұл туралы «Азаматтық үкімет» корпорациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бұл жаңалық – Қазақстан азаматтарының тұратын мекенжайына уақытша тіркелуін міндеттейтін жаңа заңға байланысты қолға алынған тәртіп.

Сонымен, 9 қаңтардан бастап облыс орталықтарындағы көші-қон полициясы бөлімдері орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтары таңғы сағат 08:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істеу кестесіне көшті. Сағат таңғы 08:00-ден бастап жұмыс істейтін халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары:

Шымкент қаласы бойынша:
1. №1 бөлім – Мәделі қожа көшесі, № 1 Г
2. №3 бөлім – Жангелдин көшесі, 13А
4. №4 бөлім – Күншығыс шағынауданы, 116/1
5. №5 бөлім – Нұрсәт шағынауданы, 24/1
6. №6 бөлім – Сайрам тұрғын үй кешені, Ибрагим ата көшесі, н/ж