Қар құрсауында қалған 80 адам құтқарылды

487
Қар құрсауында қалған 80 адам құтқарылды

Оңтүстікте қар құрсауында қалған адамдар құтқарылуда. Бәйдібек ауданындағы біраз жол қардың салдарынан жабық. Таңертеңгі боран, әсіресе, Шымкент-Шолаққорған тасжолында көлік қозғалысына кедергі келтіруде.

Құтқарушылар ескертуге қарамастан жолға шығып кеткен адамдарды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Соңғы тәулікте 80 адам құтқарылған, олардың арасында 3 бала бар. Ал жолды тазалауға екі сүргіш, бір жүк тиегіш пен құтқару жасағының 4 арнайы техникасы жұмылдырылған.