Автобус кондукторлары айқайламауы тиіс

357
Автобус кондукторлары айқайламауы тиіс

Шымкентте қала әкімінің сынына ұшыраған бір сала бар. Ол – қоғамдық көліктер. Айта кетсек, шаһарда бұдан былай жолаушы тасымалдайтын автобустар мен шағын автобустардың кондукторларына жүру бағытын айқаулап айтуына тыйым салынды. Бұл мәселені қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов көлік компанияларының өкілдерімен өткен кездесуде көтерген еді.

Автобус кондукторлары айқайламауы тиіс

Енді аялдамаға келіп тоқтаған қоғамдық көліктерде жол бағытын айқайлап айтуға тыйым салынады. Шымкент әкімі жолаушы тасымалдаумен айналысатын компания өкілдерімен кездесуінде бұл әрекетті сынға алды. Мұндай тәсіл Қазақстандағы үшінші мегаполиске абырой әкелмейді дейді Ғабидолла Әбдірахымов.

Автобус кондукторлары айқайламауы тиіс

Аялдаманы басына көтеріп айқайлау кондукторлардың мәдениетсіздігі деген әкіммен шымкенттіктер мен қала қонақтарының бір тобы келіссе, енді бірі билет таратушылардың автобустың бағытын айтқаны дұрыс дейді. Себебі, қаланы жақсы білмейтін тұрғындар да бар.

Автобус кондукторлары айқайламауы тиіс

Аялдамаларда қоғамдық көліктің бағытын айқайлап жарнамалауды тоқтату жөнінде қала әкімінің тапсырма бергеніне бір жеті өтті. Қазір қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары көлік компанияларының басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Жауаптылардың мәлімдеуінше, егер бекітілген тәртіп, яғни бағыттарды айқайлап айтуға тоқсауыл қойылмаса, онда жүргізуші мен кондукторға өз қызметімен қоштасуға тура келеді. Осы тұрғыда компания басышларына ешқандай шара көрілмей ме деген заңды сұрақ туындайды.