Шымкентте көп балалы аналар марапатталды

410
Көп балалы аналар марапатталды

Әл Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері көп балалы аналарды марапаттады. Елдің демографиясына өз үлесін қосқан жандарға алтын және күміс алқалары салтанатты түрде табыс етілді.

Марапатталған 12 ананың екеуі алтын алқаға ие болса, оны күміс алқаны төсіне тағынып отыр. Жалпы, Әл Фараби ауданында көп балалы 4156 отбасы тұрады. Оның ішінде 423 ана – алтын алқа, ал 1152 азаматша күміс алқа иегері.

Бұл аналар мемлекеттік жәрдемақы алып, қоғамдық көліктердегі жеңілдіктер пайдалана алады. Енді жәргілікті әкімдік те өз тарапынан осы отбасылардың балаларын мектепке орналастыруға көмектеспек.