Оңтүстікте ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту талқыланды

387
Оңтүстікте ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту талқыланды

Ауылды жерде ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету үшін жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану. Осынау маңызды тақырып облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында өткен жиында талқыланды. Кездесуге Астанадан арнайы келген сала министрлігінің өкілдері қатысты.

Оңтүстікте ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту талқыланды

2015 жылдың соңында қабылданған ауыл шрауашылығы кооперативтері туралы заңын орындау мақсатында Оңтүстікте бүгінгі таңда 20 мыңнан аса ұсақ шаруашылықтан 272 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Оның ішінде жылдың басынан 31 кооператив тіркеуден өткен.

Олардың 20-ы – сүт өндірісі, 121-і – көп салалы, ет өндіру бойынша – 35, жылыжай – 15 және бақша, көкөніс өсіретін 46 бірлестік бар. Осы шаруа қожалықтарының өкілдері қаржыландыру мәселесінде күрделіктерін бар дейді.

Шаруа: «Қаз Агро қаржы» ұйымының талаптары бойынша құжаттар тапсырсаң, субсидия аласың. Алайда оның көлемі бүгінгі нарықтағы бағаны ескерілмей жасағаны түсініксіз. Мысалы, қазір трактор 11 млн теңге тұрады. Оны берілген субсидияға алатын болсаң, ұтыласың. Шығынға батасың. Ондай субсидияның не керегі бар?»

Ауыл ағайындарын жұмыспен қамту мақсатында «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы бағдарламасы аясында ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту жұмыстары атқарылды. Соның нәтижесінде жеке қосалқы шаруашылықтар, сүт жинау бекеттері мен мал бордақылау алаңдары мен жылыжаймен айналысуға 872 азаматқа 2,3 млрд қаржы бөлінген. Сала мамандары шаруаларға субсидияның көлемі және шарттары өзгергенін түсіндірді.

Ғалия Әкімбекова, экономика ғылымдарының докторы, профессор: «Біз есеп береміз. Ия, сіздің ұсынысыңызды министрлікке жеткіземіз. Жиында көтерілген мәселелер хаттамаға түзіліп, олар бойынша жұмыс жасаймыз.»

Әрине, ұсақ шаруашылықтар біріксе тыңайтқыш, техника және тұқым сатып алуға мүмкіндіктер артатыны анық. Облыста 14 машина-технологиялық станция құрылған. Олардың құрамында доңғалақты 170 және шынжыр табанды 18 трактор, 45 астық және 22 жем-шөп оратын комбайн, басқа да 171 техника сатып алынған. Кәсіпкерлікті дамытуда үгіт-насихат жұмыстары күшейтілсе, ауылдағы ағайын қарап қалмайды, өнімдерімен аудан жұртшылығын қамтуға қауқарлы.