Сарыағаштың шаруалары тропикалық жемістерді жерсіндіруде

588
Сарыағаштың шаруалары тропикалық жемістерді жерсіндіруде

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі аудан, қалаларға арнаған баспасөз-сапарын жалғастыруда. Бұл жол күнгейдің БАҚ өкілдері Сарыағаш ауданында болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуметімен танысты.

Сарыағашта журналистер қадам басқан алғашқы нысан – ауданның Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш жер сыйы» ЖШС болды. Жылына 1 млн көшет өсіріп, әзірлейтін тұқымбақтағы көшеттердің 250-300 мыңы – жеміс ағаштары. Ал жылдық табысы 90 млн теңгеден асады. 2002 жылдан бері 96,5 га аумақта түрлі жеміс-жидектер мен ағаш көшеттерін өсірумен 50 жұмысшы айналысады.

Сарыағаштың шаруалары тропикалық жемістерді жерсіндіруде

Жылдың 12 айында үздіксіз жұмыс істейтін «Сарыағаш жер сыйы» ЖШС-нің өзге тәлімбақтардан ерекшелігі, тропикалық аймақта өсірілетін жеміс түрлерін оңтүстік өңіріне жерсіндіруде үлкен тәжірибе жинақтап отыр. Бүгінде шаруашылықта климаты ыстық аптапта өсетін лимон, банан, киви секілді бірнеше жеміс түрлерін өсіру тәжірибеге енгізілген.

Сарыағаштың шаруалары тропикалық жемістерді жерсіндіруде

Аудан бойынша қазіргі таңда 1967 га алқапта жеміс-жидек өсіріліп жатса, оның 351,8 гектар алқабында жаңа заманауи технология бойынша түрлі өнімдер егіліп, тамшылатып суару әдісі арқылы жеміс-жидектер өсірілуде. Сарыағаштағы осынау 2 мың гектарға жуық алқаптан былтыр 7,5 мың тоннадан астам өнім алынды. Орташа өнімділік гектарына 55,3 центнер болып отыр.

Сарыағаштың шаруалары тропикалық жемістерді жерсіндіруде

Мұнан соң тілшілер тобы аудандағы Көктерек кентінің кәріз жүйелері мен шайынды суларды тазарту бекетінің бүгінгі жағдаймен танысты. Аудан әкімі Қайрат Әбдуәлиев шипажайдағы жағдайды түсіндіру мақсатында сол маңдағы кәсіпкерлермен кездесіп, баспасөз конференциясын өткізді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі