«Каравай» желісінің төртінші асханасы ашылды

614

Күнделікті күйбелең тірліктің арасында өміріміздің әр минутын текке өткізбеуге тырысамыз. Дегенмен, заман ағымынан қалып қоймайын деп жүріп, құнарлы тамақтануды ұмыт қалдыратындар аз емес. Дәл осындай уақыты тығыз азаматтарға ас ұсынатын «Каравай» асханалар жүйесі Шымкентте 4-ші орталығын ашты. Онда жылдам, дәмді әрі арзан бағада тамақтануға болады.

«Каравай» бренді – өңірде жақсы танымал. Мектеп оқушылары, студенттер мен өз уақытын бағалайтын байсалды азамттарға дейін осында келеді. Бұл асханалар жүйесі күнгейде осымен оныншы табысты түрде қызмет көрсетіп келеді. «Каравайда» дәмді тамақтану үшін барлық жағдайлар жасалынған. Енді, міне, жақында ашылған 4-ші асхананың жұмысын қала тұрғындары жоғары бағалап отыр.

«Каравай» ең алдымен арзан әрі дәмді тағам дайындауды басты назарда ұстайды. Қалтаға қолайлы баға, 1-ші тағамның 6 түрі, 2-ші тағамның 20 түрі, салаттар мен тәтті десерттер. Ең бастысы, мұнда азық-түліктің сапасы үнемі бақылауда. Асаханада сіз өз талғамыңызға сай таңғы, түскі немесе кешкі асқа тапсырыс бере аласыз. Айта кетейік, «Каравай» желісі таңғы сағат 9-дан кешкі 10-ға дейін жұмыс жасайды.

Адхам УМАРОВ, «Каравай.kz» ЖШС бас директоры: «Біз өз желімізде ең алдымен қонақтарымыздың дәмді әрі қолжетімді бағада тамақтануына назар аударамыз. Барлық азық-түліктің сапасына баса назар аударамыз. Осы ашылып отырған төртінші асханамыз – бізге келетін азаматтардың сенімі деуге болады. Егер біз нашар жұмыс жасасақ, асханалар санын көбейтпей, бұрын-ақ жабылып қалар едік.»

Сонымен қатар «Каравайдың» басты жаңалығы – енді қалаған тағамыңызға таспырыс берсеңіз, ол лезде үйіңізге немесе жұмыс орныңызға жеткізіледі. Алты адамға дейінгі тапсырыстың бағасы небәрі 600 теңгеден. Ал егер үйде ас дайындауға уақтыңыз болмаса, онда сізге «Каравай» көмекке келеді. Мекенжайы: Тәшенов көшесі, № 16 үй.

Әлімхан Дүйсенғалиев