Оңтүстікте «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы жүзеге асады

522

Күнгейде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі мен ерлігі насихатталып жатыр. «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы қолға алынды. Енді зиялы қауым өкілдері мен жастолқын тың бастама аясында тарихтың тың тарауларын түгендейтін болады.

Жас пен жасамыс, күнгейдің зиялы қауым өкілдері Жеңіс саябағына жәй жиналған жоқ. Ұлс Отан соғысы ардагерлерінің есімі мен ерлігін насихаттауға кіріскен. «Ұрпақтар сабақтастығы» атты жаңа жобаны жүзеге асыру үшін арнайы бұрылған. Аға буынның айтуынша, бастама аясында игі, шарапаты мол шаралар қолға алынады.

Мархабат Байғұт, жазушы: «Жеңіс саябағы жуырда толығымен мұражайға айналуы мүмкін. Яғни, Ерлік мұражайы деп аталса деген ниетім бар. «Ұрпақтар сабақтастығы» атты жоба аясында дәл осы саябақта  париотизм туралы айтылады, Отан, ел мен жер жайын қозғаймыз. Сондай-ақ, Елбасымыздың жаңа мақаласы – ұлттық жаңғыруды да кеңінен насихаттаймыз. Бір сөбен айтқанда, мемлекетіміздің өткені мен бүгінін ардагерлер аузынан естіп, өнеге-шежірені бойлаймыз.»

Еске салайық, Ұлы Отан соғысына Оңтүстік Қазақстаннан 140 мыңнан астам адам аттанды. Олардың басым бөлігі елге оралған жоқ. Майдан даласындағы жанқиярлық ерлігі үшін оңтүстікқазақстандық 51 жауынгерге Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Ал 8 бірдей жерлесіміз “Даңқ” орденінің иегері атанды. Қазір күнгейде сол ерліктікті көз көрген 235 майдангер, 19 357 тыл еңбеккері өмір сүреді. Қаруластарының қаһарман қадамын ұмытпақ емес.

 

Қаратай Төлебеков, соғыс ардагері: «Ең қиын деген соғыстың өзін біздің ерлеріміз еңсерді. Қазақтың қаршадай қыздары – Әлия мен Мәншүктің майдан алаңындағы жауынгерлік ерлігі көпке ой салды. Өзге де қаруластарды соны көріп, рухтанды десем де болады. Кеңес Одағының батыры атанды! Менің білуімше, соғысқа қатысқан өзге3 ұлттың қыздарында мұндай жағдай болған жоқ.»

«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы мұнымен шектелмек емес. Енді апта сайын Жеңіс саябағында ерлікті насихаттайтын шаралар ұйымдастырылмақ. Айта өтейік, жергілікті билік өкілдері 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне 100 айлық-есептік көрсеткіш көлемінде қаржылай көмек берілетінін мәлімдеді. Тыл еңбеккерлері 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы алады. Ал 1 айлық есептегіш көрсеткіштің сомасы қазір – 2 269 теңгеге тең.