Шымкенттің бірқатар көшелері жабылады

363
Марафон

Қала тұрғындарының назарына! 8 мамыр күні Шымкентте бірнеше көше жабылады. Қалада Ұлы жеңіс күніне арналған жеңіл атлетика эстафетасы өтеді деп күтілуде. Ұйымдастырушы – «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газеті.

Эстафетаның басталуы таңғы сағат 9-да. Осыған орай Желтоқсан көшесінің Байтұрсынов көшесінен Қонаев даңғылына дейінгі аралығы және Қонаев даңғылының Рысқұлов даңғылына дейінгі бөлігі жабылады.

Мұнда сағат 11:00-ге дейін көлік қозғалысына шектеу қойылады. Жарысты ұйымдастырушылар қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Ендеше, жолға шыққанда ескере жүріңіздер.