137 мыңнан астам жүргізуші куәлігі ХҚКО-нан берілген

318
Шымкент тұрғындары қаладағы кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында уақытша тіркеуге тұра алады

Бұдан былай Шымкент қаласы тұрғындарының дайын жүргізуші куәлігін алу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, кезек күтуі қажет емес. Бұл үшін жаңа жүргізуші куәлігін ресімдеу кезінде клиент өтініш толтырып, онда дайын құжатты алу ыңғайлы болатын бөлімнің нөмірі мен мекенжайын көрсетуі тиіс.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ өндіріс қызметін үйлестіру жөніндегі басқарушы директоры Шоқан Әбділмановтың айтуынша, пилоттық жоба қызмет алушылардың уақытын үнемдеуге және мамандандырылған ХҚКО-лардағы кезекті азайтуға мүмкіндік береді. «Астана, Алматы және Шымкент – жаңа жүргізуші куәлігін алу үшін көптеген азаматтардың жүгінетін үлкен қалалар екенін білеміз. Бүгінгі күннен бастап олар дайын құжатты алу үшін кезек күтпейтін болады. Олар оны мамандандырылған ХҚКО-да берілген қолхатты көрсетіп, өздеріне ыңғайлы кез келген ХҚКО-да ала алады» деді ол.

Ш.Әбділманов қазіргі уақытта Қазақстанда 12 мамандандырылған ХҚКО Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Павлодарда, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай, Ақтөбе және Шымкент қалаларында, сондай-ақ екі мамандандырылған ХҚКО секторы Алматыда және Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында жұмыс істейтінін де айтып өтті. Айта кетейік, жыл басынан бері 137 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілді.