Шымкенттің полицейлері суға батқан мылқау жеткіншекті құтқарып қалды

527
Шымкенттің полицейлері суға батқан мылқау жігітті құтқарып қалды

Шымкент қаласының полицейлері Бадам өзеніне батып бара жатқан мылқау жасөспірімді құтқарып қалды.
2017 жылдың 27 шілдесінде кешкі уақытта жол-патрульді полицияның Бадам өзені бойында орналасқан станионарлық бекетінің қызметкерлері адамдардың көмекке шақырған даусын естиді.

Полицейлер оқиға орнына барған кезде көшеден өтіп бара жатқандар өзенге қарай бағыттап, 13-15 жасар жасөспірімнің батып бара жатқанын көрсетеді. Тәртіп сақшылары сол сәтте-ақ көмек беруге жүгіреді.

Шымкенттің полицейлері суға батқан мылқау жеткіншекті құтқарып қалды

Полиция сержанты Ерлан Айтмұхамедов суға сүңгіп, жасөспірімді өзеннен аман алып шығып, алғашқы көмек көрсетеді. Полицейлердің анықтағандай, мылқау жасөспірімнің өзенге аяқ киімі түсіп кетіп, алмақ болған кезде суға құлап кеткен екен. Өзеннің ағысы қатты болғандықтан, өз күшімен жағаға шыға алмаған.

Шымкенттің полицейлері суға батқан мылқау жеткіншекті құтқарып қалды

Полицейлер жасөспірімді Әл Фараби полиция бөліміне жеткізді. Мән-жай анықталған соң жеткіншекті үйіне апарып, туыстарына табыстады.

Шымкенттің полицейлері суға батқан мылқау жеткіншекті құтқарып қалды