Тоқтар Төлешовты айыптау соты кейінге қалдырылды

377
Тоқтар Төлешовты айыптау соты кейінге қалдырылды

Шымкентте өтуі тиіс Тоқтар Төлешовтың соты өтпей қалды. Оған себеп – осы іске қатысты адвокаттар сот процеске келмей қалған. Прокурорлар істің адвокаттарсыз қаралуына қарсылық білдірген жоқ, дегенмен, судья істі қарауды кейінге қалдырды.

Еңбекші аудандық сотының судьсы Мырзалы Жорабаев аты шулы Тоқтар Төлешовтың ісін қарауды кейінге қалдырды. Басты себеп – сотталушының екі адвокаты келмеген. Енді келесі сот отырысы қашан өтері де әлі белгісіз.

Мырзалы Жорабаев, Еңбекші аудандық сотының судьясы: «Айыптау үкімі қорғаушы тараптың қатысымен оқылуы керек. Сондықтан бүгінгі сот процесін қарау мүмкін емес. Біздің Қазақстан Республикасының конституциясы мен құқықтық-процестің заңдылығын сақтамауға құқымыз жоқ.»

Тоқтар Төлешовтың адвокаты Мархаба Жакупованың айтуынша, бухгалтерлік есептің, сондай-ақ, қаржылық есептің бұрыстығына өндіріс иесі емес, арнайы мамандар жауап беруі керек. Салық төлеушілерге де Төлешовтың пара беруі мүмкін емес дейді қорғаушы.

Тоқтар Төлешовты айыптау соты кейінге қалдырылды

Мархаба Жакупова, адвокат: «Зауыт директорының салық мекемелеріне пара ұсынуы ақылға сыймайды. Қызмтекерлері алғашқы сот отырысында да, қазір де негізгі куәгер боп саналады. Олар өз қожайындарына қарсы түсініктеме беріп жатыр. Салық жағына бухгалтер жауапты емес пе?! Бірі декларацияны уақытында көрсетпеген немесе бұрыс берген. Салықтық есеппен құрылтайшы айналыспайды.»

Сыра зауытының бұрынғы қожайынына қатысты бүгінгі сот отырысы кылмыстық кодекстің экономикалық тарауларына қатысты. Айыпталушыға салық төлеуден немес басқа да міндетті төлемдерден жалтару, ҚР бухгалтерлік және қаржылық есеп туралы заң талаптарын бұзу, алдын ала сөз байласу арқылы пара беру туралы айып тағылып отыр.

Тоқтар Төлешовты айыптау соты кейінге қалдырылды

Айта кету керек, Тоқтар Төлешовтен басқа Шымкент сыра зауытының және салық органдарының мамандары, бас-аяғы тағы 8 адам жауапкершілікке тартылуда. Бірақ олар кепілге алынған не ешқайда кетпеу туралы қолхатпен сотқа арнайы күзетсіз қатысады. Ал басты айыпталушы Төлешов сотқа арнайы жасақпен жеткізіледі.

Жанар Есенбекова