Сайрамдағы балалар үйі түлектерінің бітіру кеші өтті

1323
Балалар үйі түлектерінің бітіру кеші өтті

Сайрамдағы № 4 балалар үйінің тәрбеленушілері үлкен өмірге қадам басты. Он жыл бойы өздеріне пана болып, мейірімін аямаған тәлімгерлермен қоштасу жастар үшін оңайға тимеді. Дегенмен, бұл жеткіншектерді алда үлкен белестер күтіп тұр дейді мекеме басшысы.

Сайрамдағы № 4 балалар үйінде 86 тәрбиеленуші бар. Бүгін солардың оны үлкен өмірге қадам басып, өз үйіндей болған мекемемен қоштасқалы тұр. Ирина Худаерко – сол түлектің бірі. Балалар үйіне 9 жасында келген ол бүгін өз үйімен қоштасқалы тұр.

Балалар үйі түлектерінің бітіру кеші өтті

Ал мұндағы әр баланы өз перзентіндей көрген тәрбиешілер түлектерді қимастықпен шығарып салғалы отыр. Туған перзенті болмаса да жанына жақын тұтып, тәрбесі мен ақыл-парасатын аямаған мекеме тәрбиешілері өз түлектерін мақтан тұтады. Әрі олар үшін алаңдайтынын жасырмайды.

Балалар үйі түлектерінің бітіру кеші өтті

Балалардың қуанышымен бөлісуге Әл Фараби аудандық сотының қызметкерлері мен жаны жомарт жандар да жиналды. Бірі 1 сыныпқа баратын балаларға мектепке қажетін сыйласа, екіншілері оқуға түскен түлектерге қаржылай көмегін ала келіпті. Айта кетейік, бүгін балалар үйінен түлеп ұшқалы отырған 10 тәрбиеленушінің 8-і жоғарғы оқу орнына, қалған 2-еуі колледжге оқуға түскен. Енді олар 23 жасқа дейін облыстық жасөспірімдер үйінде тұрады. Одан соң баспанамен қамтылып, нағыз ересек өмірге аттанады.

Айжан Ермекқызы