Шымкентте ооблыстық көз ауруханасында ашық есік күні өтті. Іс-шара аясында қала тұрғындары аурухананың жетекші дәрігерлерінен тегін кеңес алып, көз қысымы мен диагностикалық тексеруден өтті. Бұл шара денсаулық жолы акциясы аясында жүргізіліп жатқан соң, көз дәрігеріне көріну үшін жолдаманың қажеті болмады.
Ашық есік күнінде көзін тексертемін деген азаматтар көп болды. Оларды қабылдаған дәрігерлердің бірі диагностикалық тексеруден өткізіп жатса, енді бірі науқастарға ем тағайындады.
Аурухана басшылығы бұл шараны арнайы ақылы емханада өткізіп, ашық есі күнінде қызметтердің барлығын тегін көрсетті. Қала тұрғындары аурухананың жетекші дәрігерлерінен тегін кеңес алып, қан қысымын өлшетті. Сондай-ақ, науқастар диагностикалық тесттің барлық түрін 50 пайыз жеңілдікпен алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл іс-шара халықтың басым бөлігін қамтуды және сол арқылы қатерлі аурулардың алдын алуға бағытталған. Соңғы 5 жылдан бері жылына төрт рет өткізіліп келеді.
Айта кетейік, дәрігерлер үш сағаттың ішінде 114 науқасты қабылдап үлгерген. Бұл жай күнмен салыстырғанда екі есе көп дейді мамандар. Көз ауруларының жыл санап көбейіп әрі жасарып бара жатқанын ескерсек, көру қабілеті төмен азаматтарға мұндай игі бастамалар қажет-ақ. Сондай-ақ, ашық есік күнін пайдаланып, аурухана басшылығы медициналық сақтандыру жүйесін қала тұрғындарына түсіндіріп берді.
Сондай-ақ, бұл күні облыстық кардиологиялық орталықтың дәрігерлерді де қала тұрғындары үшін ашық есік күнін өткізді. Бірақ, бұл жолы кардилогтар азаматтарды ауруханада емес, орталық саябақта қабылдады. Жерлестеріміз жүректерін тексертіп қана қоймай, қан құрамындағы қант пен холестерин мөлшерін білді. Дәрігердің қабылдауынан соң азаматтарға қажетті дәрілер тегін таратылды. Айта кетейік, мұндай іс-шаралар Шымкенттен бөлек облыстағы барлық аудандарда өткізілген. Бұл үшін аудан орталықтарында мобильді топтағы дәрігерлер қызмет көрсетті.
Лаура Нахыпқызы