Шымкентте қару асынған жасөспірімдер ұсталды

475

Шымкентте қару асынған жасөспірімдер ұсталды. Абай полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының қызметкерлері түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз бейсауат жүрген 4 жасөспірімді байқайды. Тәртіп сақшыларының күдігі бекер емес екен. Республика даңғылының бойында қолға түскен 1999 және 2000 жылғы жасөспірімдер өздерінің бұл жүрістері туралы жақ ашпаған.

Шымкентте қару асынған жасөспірімдер ұсталды

Тексеру барысында жасөскіндердің бірінің сөмкесінен аңшылық қаруы, травматикалық екі тапанша, бірнеше оқ, қанжар мен бетперде табылды. Тәртіп сақшылары мұздай қаруланған бозбалаларды Абай полиция бөліміне жеткізді.

Шымкентте қару асынған жасөспірімдер ұсталды

Осы фактіге байланысты қылмысты кодекстің 287-бабы (қаруды, жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, сақтау, өткізу) бойынша іс қозғалды. Айғақты заттар тәркіленіп алынған.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары басынан бақайшағына дейін қаруланған жасөспірімдердің суық қаруды қайдан алғанын, қандай мақсатты көздегендерін анықтау үстінде. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.