Шымкентте халықаралық деңгейдегі теннис корты ашылмақ

253

Шымкенттегі Абай саябағын теннис орталығы деп атауға болатындай. Өйткені мұнда аталған спорт түріне арналған үлкенді-кішілі жаттығу кешендері орналасқан. Ал жуырда тағы да бір ірі жобамен толықпақ. Халықаралық стандартқа лайықталған кешеннің артықшылығы көп.

Бүгінде кешеннің құрылысы қызу жүргізілуде. Бірегей спорттық кешенінде 100 көрермен орынына лайықталған 2 теннис корты, жатақхана, 50 адамға лайықталған асханасы бар. Жаңадан салынып жатқан теннис корты пайдалануға берілген соң халықаралық дәрежедегі сайыстарды өткізуге толық мүмкіндік бар.

Құрылысты «А.Р.Т.-Құрылыс» компаниясы жүргізуде. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Жылдың соңында толық аяқталып, пайдалануға берілмек.