«Арманым – үлкен сахналарда өнер көрсету»

609

«Ерекше жандар» бағдарламасының бүгінгі қонағы – Шымкент қаласындағы көзі нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатының оқушысы Сабина Есенғалиқызы Асқар.

Көзі нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатында 4 сыныпта және №3 балалар эстетикалық саз мектебінде оқисың. Өнердің қай түріне қызығасың?

    – Домбыра тартамын. Саз мектебінде домбыра класынан сабақ алып жүрмін. Бірнеше күй үйрендім. Алдағы уақытта күрделі күйлерді үйренуге ден қойып жүрмін.

    – Күй тарту қиын емес пе?

    – Басында қиын болатын. Бірақ уақыт өте келе бар ынтамды салып, үйреніп кеттім. «Жастар», «Өрнек», «Көкдөнен» күйлерін шерте аламын.

    – Қандай арманың бар?

   – Өзім оқып жүрген саз мектебін үздік бітіріп, колледжді жақсы көрсеткішпен аяқтап, үлкен сахналардан көрінгім келеді.

   – Бос уақытыңда немен айналысасың?

   – Кітап оқимын, домбыра тартамын. Үш сіңліме қараймын, анама көмектесемін. Отбасым үлкен. Атам, апам, әкем, анам, өзімнен үлкен әпкем бар, менен кейін үш бауырым бар. Мен Асқар атамның қызымын.

   – Мектепте қандай пәндерді ұнатасың?

   – Математика, әдебиет сабағы ерекше ұнайды.

  – Кімдердің өлеңдерін оқисың?

  –  Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері ұнайды, жақсы өлеңдерін жаттап аламын.