Шымкенттің полицейлері педофилді іздестіруде

462
Шымкенттің полицейлері педофилді іздестіруде

Соңғы аптада әлеуметтік желілерде педофилдер туралы түрлі ақпараттар қаптап кетті. Бірі ұйымдасқан қылмыстық топ туралы жар салса, енді бірі кәмелетке толмағандарға азғындық әрекеттерін іске асырмақ болған 18-20 жас аралығындағы ер адамның фотороботы туралы мәлімет таратты. Фейсбук пен ватсап желісінде желдей ескен әңгіме қаншалықты рас?

Кейіпкеріміз секілді дәл осы сұрақ көкейін мазалап жүрген ата-ана көп. Өйткені фейсбук пен ватсап әлеуметтік желілерінде Шымкентте жүрген күдікті педофилдер туралы ақпарат қаптап кеткен.

Қалың көптің сұрағын біз де ОҚО ІІД өкілдеріне жолдадық. Шындығында қаламыздағы Еңбекші полиция бөліміне перзентіне азғындық әрекеттерін жасады деп екі ата-ана арызданған екен.

Ал екінші суреттегі педофилдер тобы туралы ақпарат расталған жоқ. Ресми түрде мұндай факті немесе арыз тіркелмеген дейді жауаптылар.

Құзырлылар кімде-кім шындыққа жанаспайтын ақпар тартса, заң жүзінде жауапқа тартылатынын да ескертті.

Жанар Есенбекова