Шымкенттік шенеуніктер жұмысқа автобуспен қатынауды бастады

653
Шымкенттік шенеуніктер жұмысқа автобуспен қатынауды бастады

Шымкенттің шенеуніктері қоғамдық көлікпен қатынап жүр. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың өзі бастап қарамағындағы жетекші қызметкерлерге 1 ай қызметтік көлікке мінуге тыйым салды. Енді әкім және оның орынбасарлары, бөлім басшылары бүгіннен бастап жұмыстарына автобуспен қатынай бастады. Жауапты мамандар құр барып-келмей, жолаушылар көлігі саласындағы кем-кетіктер мен ереже бұзушылықтарды анықтауы тиіс.

Шымкенттік шенеуніктер жұмысқа автобуспен қатынауды бастады

Бүгін Шымкенттегі қоғамдық көліктің жұмысы тап-тұйнақтай. Әр аялдамаға аялдау уақыты да сақталған. Оның бір себебі, жолаушылар көлігімен шенеуніктер жүр. Қаланың қақ ортасындағы «Спартак» аялдамасынан ең бірінші болып Әл Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов түсті. Бір емес, бірден екі бағыттық көлікпен жұмысқа жеткен шенеунік қысылмай, дер кезінде келгенін айтты.

Шымкенттік шенеуніктер жұмысқа автобуспен қатынауды бастады

Бауыржан Қалжанов, Әл Фараби ауданының әкімі: «Мен №69 бағыттағы автобусқа міндім. Тез жеттім. Іші таза, қызмет көрсету деңгейі жоғары. Билет те берді.»

Шымкенттік шенеуніктер жұмысқа автобуспен қатынауды бастады

Келесі автобустан қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаев түсті. Шаһардағы барлық бағыттық көліктермен тікелей жұмыс істейтін басшы қолындағы билетімен мақтанды.

Шымкенттік шенеуніктер жұмысқа автобуспен қатынауды бастады

Қуатжан Жұматаев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы: «Мен бір емес, екі автобусқа міндім. Әрине, жолаушы көп. Бұл таңғы «час-пикке» байланысты. Үш аялдамада жолаушылар көп мінді. Мен Бекжан базары маңынан №12 бағыттағы көлікке отырдым. Осы жерге дейін 29 минутта жетті. Енді «час-пикте» жоаушылар ағыны көп болатынын жасырмаймыз. Ол барлық ірі қаланың мәселесі. Міне, жолаушы билетін алдым. Мен бұл бастаманы қолдаймын».

Шымкенттік шенеуніктер жұмысқа автобуспен қатынауды бастады

Ал қарамағындағыларын қоғамдық көлікке мінгізген шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың өзі №135 бағыттағы автобусқа отырыпты. Әкім автобусқа мінді деп орын бергендер кездеспеді, өйткені қоғамдық көліктегі статусы – жолаушы. Есесіне әкіммен бірге селфи жасағандар көп болды.

Шымкенттік шенеуніктер жұмысқа автобуспен қатынауды бастады

Әкім мінген көлік дәл әкімдіктің алдына келмейді. Сондықтан ол бір аялдама жаяу жүрді. Жолда осындай айлықты бастауға не түрткі болғанын да сұрап білдік.

Ғабидолла Әбдірахымов, қала әкімі: «Бұл айлықты бастауға арнайы жүргізілген сауалнама себеп болды. Біз халық арасында қоғамдық көлік мәселесі ең түйткілді мәселе екеніне көз жеткіздік. Ал оны шешу үшін проблеманы көзбен көрген жөн. Сондықтан өзімізден бастауды жөн көрдік. Әр басшы қоғамдық көлікпен жүріп, қандай мәселе барын көзбен көруі тиіс. Оның үстіне біз де адамбыз. Біз де жолаушымыз. Ал қарамағымдағылардан автобусқа мінгені туралы күнде есеп алып отырам. Әзірге суретке түсіп, менің ватсабыма жібер деп айтқан болатынмын».

Шымкенттік шенеуніктер жұмысқа автобуспен қатынауды бастады

Осылайша қала әкімінің тапсырмасы бірден орындалды. Және бір айға жалғасады. Байқағанымыз – әкімдіктің ғимаратына бір де бір қызметтік көлік келіп тоқтамады. Әкімдіктегілердің айтуынша, қызметтік көлік жүргізушілері ақылы еңбек демаласына кеткен. Яғни еңбек кодексі бойынша айлығының 50 пайызы төленеді. Ал қызметтік көліктердің есігіне мөр басылып, тұраққа қойылған.