«100 жаңа есім» жобасы жалғасын таппақ

620

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы – «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесінің менеджері Сәкен Сағындықов.

      – ҚР Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «100 жаңа есім» жобасын ұсынған болатын. Осы жоба барысында оңтүстік өңірі қандай жұмыстар атқаруда? 

      – Бұл жобаның негізгі мақсаты – халыққа, тәуелсіз елімізге өзінің пайдасын тигізіп бірақ дүйім жұртшылыққа беймәлім болған жандарды көпшілікке таныту болатын. Ерекше тағдыр иелерін табу олардың өмірбаянымен танысу, соларға еліктеу арқылы тәуелсіз еліміздің тұғыры берік екенін дәлелдеу болатын.

     – Осы жоба бойынша оңтүстіктен қанша адам бағын сынауда?

     – Бүкіл Қазақстан бойынша маусым айынан бері 2 112 адам үміткер ретінде қабылданған болатын. 18 қазаннан бастап онлайн дауыс беру басталады. Дәл қазіргі уақытта 302 адам 6 номинация бойынша жобаға қатысуда. Оңтүстіктен 15 үміткер бар, олардың қатарында – Бақытжан Алдияр, Қайрат Модасейітов, Алтынсары Үмбетәлиев бақ сынауда. Онлайн дауыс беру түрлі әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылады. Күнделікті қорытынды нәтижесі көрсетіліп отыр.

    – Алдыңғы қатардан көрінген кімдер?

     – Күнгейден – Бақытжан Алдияр, Қайрат Молдасейітов ағаларымыз көш басынан көрінуде. Барлық жерлестерімізді дауыс беруге шақырамыз. Атсалысайық, отандастар.

     – «100 жаңа есім» жобасына қалай дауыс беруге болады?

     – Осы жобамен Қазақстан Халық Ассамблеясы тікелей айналысуда. Маусым айында el.kz сайтында 100.el.kz арқылы онлайын арқылы дауыс беруге мүмкіндік бар. Қай азаматтың бірінші орында тұрғанын көруге болады.

      – «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша не айтасыз?

     – Аталған жобаның негізгі мақсаты – елімізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес гуманитарлық сала бойынша да білікті мамандар қажет. Сол үшін лингвистика, әлеуметтану, саясаттану, дінтану, философия ғылымдары бойынша студенттерге мықты маман болып жетісу үшін 100 жаңа оқулық өте қажет. Аталған жоба аясында алдағы бірнеше жылдар бойы гуманитарлық бағыт бойынша жаңа жұмыстар жүзеге асырылады. Өркениетті елдердегі үздік оқу орындарының кітаптары қазақ тіліне аударылады.