«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонақтары — «Артшайн» аула клубының маманы, шахмат клубының жетекшісі Қадір Нәлібаев, Әдемі және Нұрдана Қадірқызы.
— Жақында ғана «Отырар» телеарнасының ұйымдастыруымен өткен қалалық шахмат турнирінде Нұрдана 1 орынды, Әдемі екінші орынды жеңіп алған болатын. Қадір аға осы екі шахматшы қыздардың әкесі әрі жаттықтырушысы. Нұрдана осы турнир туралы айтып өтсең…
— Маған бұл шахмат ойыны қиынырақ болды. Жүлделі орын алғаныма қуаныштымын. Бірінші турда бір қарсылас, екінші турда үш, үшінші турда 5 қарсыласпен ойнадым. Өзіме сенімді болғандықтан бірінші орынды нәсіп етті.
— Әдемі, жасың небәрі 7-де. Шахматқа қатысқаныңа қанша жыл болды?
— Екі жыл болды. Алғаш рет қатыстым жарысқа. Бірінші турда бір қарсыласпен ойнадым. Екінші орын алғаныма қуандым.
— Оқушыларының жетістікке жетуінде жаттықтырушының еңбегі зор. «Артшайн» аула клубында шахмат үйірмесі қашаннан бері жұмыс істейді?
— «Бабаңнан 100 жас үлкен бол, балаңнан 100 жас кіші бол, балаңды бала деме, дана деп біл» деген сөз қалған. Демек бүгін балалар күні емес даналар күні деуге болады. «Артшайн» аула клубы балалар көркемсурет мектебінің жанынан ашылған. Клубымыздың жұмыс істеп жатқанына үшінші жыл. Еңбектері өте жоғары. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалануда таптырмас орын. Спортқа, үлкен сахналарға шығуына баспалдақ деуге болады.
— Баланың интеллектісі дамуына осы аула клубтарының қосар үлесі мол. Балалар көркемсурет мектебінің директоры Тояш Оразоваға айтар алғысым шексіз. Ол кісі бірнеше спорт үйірмелерін ашты. Соның арқасында талантты балалар өсіп келеді. №49 мектеп кабинетпен қамтамасыз етті. 30 оқушы қатысады. Солар түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
— Аптасына неше күн жұмыс істейсіздер?
— Әр адам «мемлекет бізге не береді деп емес, мен өзім мемлекетке не бере аламын» деуі керек. Балалар өнерлі болуы үшін алдымен білім алуы керек. Жан- жақты болып түрлі үйірмелерге қатысады. Бүгінде балаларға барлық жағдай жасалған. Бәрі де аула клубтарынан басталады. Қыздарым каратэмен айналысты. №11 спорт мепектебінінң каратэ үйірмесіне қатысады. Түрлі жарыстарға қатысып жүлделі орындарды жеңіп алды. Демалыс кезінде балалар үйірмелерге барып жазылуына болады.