«Изуми» сауда желісіндегі Enrico Marinelli брендінің жаңалығы көп

350
"Изуми" сауда желісіндегі Enrico Marinelli брендінің жаңалығы көп

Италияның танымал бренд киіміне қол жеткізу бүгінде еш қиындық туғызбайды. Шымкентте жүріп-ақ шетелдік сәйқойларша киініп, сәнді әрі стильді көрінуге болады. Бұл ретте шымкенттіктерге «Изуми» сауда үйіне Италиядан келген арнайы қонақ, Enrico Marinelli брендінің өкілі көмектеспек. Шетелдік қонақ ала келген жаңалық ер-азаматтарға арналған қысқы киімдерге қатысты.

Изуми сауда желісіндегі Enrico Marinelli дүкені жақында адам танымастай өзгереді. Италиядан арнайы келген қонақ осындай жағымды жаңалықпен бөлісті. Сәнді Махмуд Маринелли италяндық брендінің бас менеджері шымкенттік сәнқойларға әшекей бұйымдарды дұрыс таңдап, стильді болудың қыр-сырын ашуға дайын.

Махмуд Маринелли, бас менеджер: «Біз тұрғындарға тек киім таңдаумен қатар стильді болып көрінудің жолдарын да айтуға әзірміз. Сәнді бұйымдарды сатып алуға болады, бірақ өз стиліңді таба алмай қиналуың мүмкін. Сондықтан біздің киімдер осы күрделілікті оңай жеңуге көмектеседі. Және де біздің дүкендерде сіздер өз үйіңіздегідей жайлылықты сезінесіз.»

"Изуми" сауда желісіндегі Enrico Marinelli брендінің жаңалығы көп

Enrico Marinelli — бүгінде Европа, Азия, және алыс-жақын шетелдердегі ең танымал бренд. Әлем бойынша оның 160-тан астам дүкені тұрақты клиенттерін қуантып келеді. Шымқалалық ер-азаматтарды да 15 жылдан бері сәнді киімдерімен қуантуда. Жоғары сапалы костюмдер мен аса мұқияттылықпен, талғаммен таңдалған маталар, қолдан жасалған ерекше дүниелері кез келген талғампаз жанның көңлінен шығады. Келушілердің дені сол себепті Enrico Marinelli киім брендін таңдайды.

Камила Ахмедова: «Enrico Marinelli киім брэндімен біз 15 жылдан бері жұмыс істейміз. Және оны Қазақстандағы нарыққа алғаш шығарған біз болатын. Бірлесе еңбектенетінімізге өте қуаныштымыз. Келушілерімізге тамаша өнімдерді ұсынуға мүмкіндігіміз бар. Итальяндық бренд сапасымен қоса бағасымен де тиімді.»

Жаңалыққа толы дүкеннің бұл жетістігіне шымкенттіктер көктемде куә бола алады. Ал әзірге қаламыздың сәнқойлары күз-қыс маусымдарына арналған жаңа киім топтамаларына қол жеткізе алады. Кез келген жанның талғамына сай келетін киімдердің кең таңдауы — «Изуми» сауда үйінде. Мекенжайын біліп алыңыз: Бәйдібек би даңғылы, 53 үй, «Изуми» СҮ (Нұрсәт шағынауданы).

Махаббат Әбдешова