Шымкент көшелеріне жаңа атау беріледі

653
Шымкент көшелеріне жаңа атау беріледі

Көшелерге жаңа атау беріледі. Шымкентте шағынаудандар мен көшелердің атауы өзгереді. Осыған орай тұрғындар арасында 24 қараша күні көшелерге жаңа атау беру және өзгерту бойынша қоғамдық тыңдау өткізіледі.

Қазіргі таңда Шымкентте атауы жоқ 400 көше бар. Медициналық және өзге де қызмет көрсеткенде қиындық туғызатындықтан, осынау күрделі мәселені шешу бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Оның үстіне қалада жаңадан қосылған жаңа шағынаудандардың атауы қойылмаған.

Билік бұл жағдайды 2020 жылға дейін шешу қажеттігін атап өтті. Сонымен, шағынаудандарға және көшелерге атау беру бойынша қоғамдық тыңдау Әл Фараби аудандық әкімдігінде сағат 10:00-де басталады. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі, 47.