Шымкентте оқушы қызды қағып кеткен жүргізуші анықталды

360
Жедел жәрдем ауруханасы

Шымкент қаласында оқушы қызды қағып кеткен жүргізуші анықталды. 2017 жылы  8  қарашада «102» пультіне Қазыбек би көшесінде жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Полицейлер адам қаққан «Тойота Лэнд Крузер» автокөлігінің жүргізушісі 1989 жылы туған тұрғын екенін анықтады. Ол автокөлігімен 12 жасар мектеп оқушысын жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқанда қағып  кеткен. Соның салдарынан дене жарақатын алған 12 жасар қызды жүргізуші Шымкент қалалық ауруханасына медициналық көмек көрсету үшін жеткізген.

Қазіргі таңда дәрігерлер дене жарақатын алған оқушының жағдайы тұрақты деп отыр. Осы жайт қылмысты кодестің 345-бабы (көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша СДТБТ-не тіркелді. Автокөлік айып тұрағына жеткізілген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.