Төлебиліктер баспаналы болатын күн алыс емес

332
Төлебиліктер баспаналы болатын күн алыс емес

Жуырда Төлеби ауданының тұрғындары қоныс тойлайтын күн жақын. Леңгір қаласында салынған жаңа баспаналардағы пәтер кілті 400-ге жуық отбасына тапсырылады. Жаңа үйлер кімдерге тиесілі?

Леңгірде халық саны жылдан-жылға өсіп келеді. Тиісінше баспанаға мұқтаждар қатары да көбейіп отыр. Осыны ескерген жергілікті билік өкілдері құрылысқа қарқын берген бүгінде. Жуырда мұнда 8 үйдің құрылысы аяқталып, ел игілігіне тапсырылады.

Төлебиліктер баспаналы болатын күн алыс емес

Леңгір қаласындағы жаңа шағынаудан заманауи талапқа сай бой көтеріп келеді. Мұнда қазірдің өзінде 10 үй салынған. Баспана кезегінде тұрған жүздеген отбасы жыл соңына дейін пәтермен қамтылып, қоныс тойын тойлайтын болады.

Тиісті сала қызметкерлері мен билік өкілдері құрылыс қарқынын қалт жібермей қадағалап отырмыз дейді. Айта кетейік, су жаңа пәтерлер алдымен мүгедектерге, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларына беріледі. Мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала өкілдері де бұл игіліктен тыс қалмайды дейді аудан басшылығы.

Мақпал Рысбаева