Кентаулықтар өздерінде өңделген сүтті ішеді

546
Кентаулықтар өздерінде өндірілген сүтті ішеді

«Кентау сүт өнімдері» өз тұтынушыларының сұранысын қанағаттандырып келеді. Ағарғаннан тоғыз түрлі өнім өндіретін шағын цех сапалылығымен өзгелерді басып озды. Бүгінгі таңда кенді шаһардағы балабақшалардың басым бөлігі «Жеті жарғы» сүт цехының ағарғанын тұтынады. Шағын сүт өңдеу цехының өкілдері енді өнімдерін Шымкентке тасуға ниетті.

Күнделікті 420 грамм сүт ішетін балақайлар ағарғанның пайдасын жақсы біледі. Өйткені, балабақшадағы тәрбиешілері сапалы өнімді дұрыс таңдай білген. Тез бұзылатын өнімді алыстан тасымай, өздеріндегі сүт өңдеу цехының өнімін тұтынуды жөн санаған. Нәтижесінде балаларға сапалы сүт ішкізіп, отандық өнімге қолдау көрсетіп отыр. Кентаулықтар өздерінде өндірілген сүтті ішеді Хаят Атаметова, «Дәуір» балабақшасының медбикесі: «Ес-Марияә сүті қанағаттандырады. Сүт негізгі азық-түлік құрамына кіргені үшін көп аламыз. Мысалы бүгін 115 литр сүт қабылдадық.» Кентаудағы балабақшалар мен тұрғындарды толықтай сүтпен қамтып отырған «Жеті жарғы» шағын сүт өңдеу цехының бүгінгі жұмысы қарқынды. Мемлекеттік көмектің нәтижесінде аяққа нық тұрған. Қазір сүт өнімдерінің 9 түрін шығаратын цех құрылысына «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы 20 млн теңге несие берген. Бүгінде жиырмаға жуық азамат соның игілігін көріп, нәпақа айырып отыр. Солардың бірі – Гүлбахар Сейдуалиева. Гүлбахар Сейдуалиева, жұмысшы: «Болашақта тағы үлкен цех ашылса, тағы бірталай азамат жұмыс істейтін еді. Қазірдің өзінде екі ауысымда сегіз адам жұмыс істейміз. айлығымыз 45-50 мың теңге. Өзіміз қабылдап алатын сүтті соңғы технологияда пісіріп, суытып, құрт жасап, қаймақ шығарамыз.» Кентаулықтар өздерінде өндірілген сүтті ішеді Цехқа келетін сүт жіті тексеруден өтеді. Күнделікті жергілікті тұрғындардан, шаруа қожалықтарынан сиырдың сүті қабылданады. Ары қарай өздері өңдеп, түрлі өнім шығарады. Кентаудан шығатын айран-сүт өздерінде жасалған ыдыстарға құйылып, арнайы брендпен шығады. Азиз Хакиев, технолог: «Біздің тағамда технология процесі бұзылмайды. Бәрі стандартқа сай жасалады. Осы уақытқа дейін бірде-бір шағым келген жоқ. Қышқылдығына көп мән береміз. Өйткені мұны бала да, үлкендер де тұтынады.» «Цех Ес-Мария» ауыл шаруашылығы кооперативіне кірген. Ал кооперативтің алдағы жоспары ауқымды. Өздері сиыр өсіріп, саумақ ниетте. Ол үшін жем-шөп дайындайтын цех салып жатыр. Арнайы диірмен қойып, құнарлы жем шығарады. Қазір қосымша цехтардың құрылысы қарқын алған. Кентаулықтар өздерінде өндірілген сүтті ішеді Есенгелді Өтепбаев, «Ес-Мария» кооперативінің басшысы: «Жем-шөп өңдейтін цех салып жатырмыз. Осылайша сиырды өзіміз бағып, саууға ниетіміз бар. Қазірдің өзінде 21 шаруа бар. Олардың басым бөлігі сиыр ұстайды. Сүттерін қабылдап жатырмыз. Өзіміздің де елуге жуық сиырымыз бар. Осы құрылыс бітсе, өз сиырларымызды, сосын кентаулықтардың малын жем-шөппен қамтимыз деген жоспарымыз бар. Содан алынған сүтті өңдеп, кентаулықтардың ағарғанға деген сұраныстарын қанағаттандыра аламыз.» «Кентау сүт» – 2017 жылы брендке айналған өнім. Ендігі мақсаты – облыс орталығынан дүкен ашып, өнімді саудалау. Ол үшін сапалы ағарған шығарып, тұтынушыларымыздың сенімін арттыру керек дейді цех құрылтайшылары. https://www.youtube.com/watch?v=GW9bC2_sya0

Ардақ Жақсылықова