Мерекелік базар нарқы

523
Мерекелік базар нарқы

Күнтізбе бойынша 2017 жылдың аяқталуына санаулы күндер қалды. Шымкенттіктер мерекелік дастарханның қамымен сауда орындарын аралауды әлдеқашан бастап кеткен. Біздің түсіру тобы да қаланың іргесіндегі базарлардың бірінде болып, ондағы өнімдердің көтерме және бөлшек бағасын біліп қайтқан болатын.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қалалық базарларда сауда қыза түскен. Сауда қатарларындағы жеміс-жидектің, көкөністің сан алуан түрлері көздің жауын алады. Мерекелік дастарханның сәні мандарин, ананас, жүзім мен алмаға сұраныс жоғары дейді сатушылар.

Мерекелік базар нарқы

Қала тұрғыны Гүлнара Парманбекова Ташкенттен жеткізілген жемісті саудалап жатыр. Мұнда лимонның келісі – 520 теңге, ал анартас – 380 теңгеден. Сатушылардың айтуынша, жемістердің басым бөлігі Алматы және Ташкенттен жеткізілген. Ал көкөністен қызанақтар жергілікті жылыжайдың өнімі екен. Бағасы қолжетімді, өйткені саудаға делдалсыз шығарылған.

Көтерме сауда орнында байқағанымыз, дүкендер мен көше бойларын жағалап сататындар жемістерді жәшіктеп сатып алуда. Бұл да бізде «дәстүрге» айналып кеткен кәсіптің бір түрі. Жұмыс жоқ жерлестер нәпақасын осылай табады. Мәселен, 1 жәшік құрманың бағасы – 2000 теңге. Жәшікте 12 келі жеміс бар. Ал бананның бағасы 80 мен 100 теңге аралығында.