Шымкентте Тәуелсіздік күні қарсаңында 558 отбасы баспаналы болды

541
Шымкентте Тәуелсіздік күні қарсаңында 558 отбасы баспаналы болды

Ел Тәуелсіздігі қарсаңында Шымкент қаласының тұрғындары тамаша тартуға ие болды. Қаладағы қуанышқа бөленген 558 отбасы бүгін қоныс тойын атап өтуде.

Шымкентте Тәуелсіздік күні қарсаңында 558 отбасы баспаналы болды

Нұрсәт шағынауданында бой көтерген көпқабатты 11 үй «Нұрлы жер» бағдарламасының екінші бағыты бойынша салынған. Жалпы алаңы 31,5 мың шаршы метр болатын үйлердегі 558 баспана кілті Тұрғын үй құрылысы-жинақ банкінің салымшылары мен жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтарға берілді.

Шымкентте Тәуелсіздік күні қарсаңында 558 отбасы баспаналы болды

Әкімшілік-іскерлік орталығында пайдалануға берілген 9 қабатты 48 пәтерлі екі үйдегі баспана кілтін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Балабиев, Шымкент қаласының әкімі Н.Сауранбаев және қалалық мәслихаттың хатшысы Н.Бекназаров арнайы табыстап, барша тұрғындарды жаңа қоныспен құттықтады.

Шымкентте Тәуелсіздік күні қарсаңында 558 отбасы баспаналы болды

– Елімізде тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгінде мемлекет қолдауының нәтижесінде облысымызда баспанаға қолы жетіп, қоныс тойын тойлап жатқандардың қатары аз емес. Мәселен, биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында Шымкент қаласында 5052 пәтерлі 83 үйдің құрылысы басталған болатын. Бүгін мерекесі қарсаңында осы үйлердің 11-і аяқталып, пайдалануға 558 пәтер беріліп отыр. Жыл соңына дейін тағы 1152 пәтерлі 16 арендалық үйді пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Демек, осы айдың өзінде қаншама отбасы қоныс тойын тойламақ. Бұл егеменді еліміздің жемісі деп білемін, – деді аймақ басшысы.

Шымкентте Тәуелсіздік күні қарсаңында 558 отбасы баспаналы болды

Шымкентте Тәуелсіздік күні қарсаңында 558 отбасы баспаналы болды

Сондай-ақ, Жансейіт Қансейітұлы баспаналы болған тұрғындарға балаларының атынан бір-бір ағаштан отырғызып, соны күтіп баптауды ұсынды.

Шымкентте Тәуелсіздік күні қарсаңында 558 отбасы баспаналы болды

Жалпы, 2017 жылы барлық қаржыландыру көздері арқылы облыста 279 үй салынуда. Онда жалпы алаңңы 995,7 мың шаршы метр болатын 14 694 пәтер бар. Жыл соңына дейін аталған үйлердің 109-ның құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.

Шымкентте Тәуелсіздік күні қарсаңында 558 отбасы баспаналы болды

2017 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша облыстағы жалпы алғанда жеке және көпқабатты 547,1 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4,1 пайызға артық.

Шымкентте Тәуелсіздік күні қарсаңында 558 отбасы баспаналы болды

Шымкентте Тәуелсіздік күні қарсаңында 558 отбасы баспаналы болды

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі