Сотты болғандар жұмыспен толық қамтылмауда

217
Сотты болғандар жұмыспен толық қамтылмауда

Түзету мекемелерінен шыққандар жұмыспен толық қамтылмай отыр. Соның салдарынан күн көрісі төмендеп, қылмысқа қайта барады. Облыс әкімдігінде өткен үйлестіру кеңесінде прокурорлар осылай деп дабыл қақты.

Сотталғандар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелерін талқылауға жиналғандар жағымды жаңалықтарымен де бөлісті.

Мәліметтеріне сенсек, түзету мекемелеріндегі сотталған азаматтарды жұмыспен қамту қарқынды. Оңтүстік өңіріндегі колонияларда 29 бизнес субъектісі өз кәсібін ашқан. Нәтижесінде сотталған 182 азамат жұмыспен қамтылып, тағы бес жүзі кәсіптік білім алуда. 2017 жылдың 10 айында пробация қызметінің есебінен алты мыңға жуық азамат өткен. Ендігі жоспар – бұрын сотты болып, жұмыссыз жүргендердің екі қолына бір күрек тауып беру.

Жанар Есенбекова