Қоғамдық көлік саласы сын садағына ілікті

591

Шымкентте қоғамдық тасымал саласы ақсап тұр. Сапасыз қызметке көңілі толмайтын жолаушылар шағымы күн санап артып келеді. Сала басшылары қала тұрғындарымен кездесіп, кезекті рет олардың сауалдарына жауап беруге тырысты. Бұл жолы көлік компания иелерін шақыртып, жіберген қателіктерін естіртті.

Кездесуге келген жерлестеріміз белсенді, бәрінің көкейінде бір сауал, ол жолаушылар тасымалын жақсарту. Сондай-ақ, шұрық тесік жолды тегістеуді сұрану. Өкінішке қарай, көпшілікпен кездесуге келген шенеуніктердің мәселені шешіп тастауға қауқары жоқтығы көрініп-ақ тұрды. Көпшіліктің көтерген мәселелерін тек тыңдап, жұбатумен болды.

«Шаңырақ» шағынауданының тұрғындары «біздің айтар сөзіміз қалмады. Тек жылы сөзбен шығарып саласындар да түк істемейсіндер. Тіпті жұмысты қоя салсаңдаршы» деп ашынды.

Көлік бөліміндегілер бұл басқосуға осы салада қызмет көрсетіп жүрген компания басшыларын да шақырыпты. Сапасыз қызмет көрсететіндерді халық көзімен көріп, жақынырақ танысты. «Жауапкершілікпен жолаушы тасы» деп дөп басты. Арасында алғысын жеткізгендер де кездесті.

Жасыратындығы жоқ, бұл №4 бағыттың басшыларына да жұмысын жүйелеу керек-ақ. Қазірдің өзінде көліктерін жаңартуды қолға алыпты. Сиымдылығы мол және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де тиімді автобустар қоспақ ниетте.

Осылайша жиынға келгендер бір мекемеге алғысын айтса, енді бірі компанияны мүлдем бағыттан алып тастауды өтінді. Ал жұмыстарын жүйелей алмай жүрген қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі енді білек сыбана жұмыс істеуге уәделерін берді.

Нұрлан Күдерұлы