Қызметкерлер көшіріліп, көшелер қоршауға алынады

525

Шымкент қаласында Мамандандырылған күзет басқармасы кезекті жоспарлы жаттығуын өткізеді. 18 қантарда сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мамандандырылған күзет қызметі ОҚО ІІД-нің қалалық, аудандық бөлімдері және медициналық жедел-жәрдем қызметкерлерімен бірлесе отырып, Шымкент қаласы Сарбаздар көшесінде орналасқан ІІМ Шымкент әскери тергеу басқармасының ғимаратында жоспарланған жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Оқу жаттығу аясында сала қызметтері арасында өзара жедел іс-қимыл жасау, қызметкерлерді көшіру және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқу-жаттығулар пысықталып, оқу жаттығу аумағы қоршауға алынады.

Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Шымкент қаласының тұрғындарына аталған іс-шараның өтілуіне түсіністікпен қарауды, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.