Абай ауданында жаңа 335 қоқыс жәшігі орнатылды

631

Шымкенттегі Абай ауданын көріктендіруге қала әкімдігі тарапынан баса көңіл бөлінуде. 2017 жылы осы бағытта ауқымды жұмыс атқарылды. Нақты айтқанда аудан көлемінде 335 жаңа қоқыс жәшігі орнатылды.

Былтыр Самал-3 шағынауданындағы 4896 абонентке электр жарығын жеткізу жұмыстарының жобалық-сметалық құжатын әзірлеу үшін қала бюджетінен қаржы бөлінді. Бұған қоса Құрсай шағынауданындағы 2230 абонентті, Агропром шағынауданындағы 504 абонентті электр энергеиясымен қамтамасыз ету жұмыстарының құжаттары әзірленді.

Биыл Алтынтөбе тұрғын алабындағы 218 үйді ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Ендігі кезекте – Қызылжар, Тәуелсіздікке – 20 жыл, Жаңаталап, Игілік, Ақжар және Айкөл тұрғын алаптары.

Алтынтөбедегі 150 үй мен Көкбұлақ ауылындағы 240 үйге газ жеткізу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары әзір.

Бұған қоса Самал-1, Самал-2 және Солтүстік-Батыс шағынаудандарында 124 шақырым кәріз жүйесі төселді. Қызылжар тұрғын алабындағы кәріз жүйесін қалпына келтіру жұмыстарының құжаттары да әзірленген.