Нұржан Тұрсынбай сот шешімімен қызметінен босатылды

698

Басынан дау арылмаған облыстық дін істері басқармасына қарасты дін мәселелерін зерттеу орталығы директорсыз қалды. Бүгін осы орталықтың директоры Нұржан Тұрсынбай сот шешімімен қызметінен босатылды. Ол өткен жылдың 1 маусымында өз еркімен қызметінен кеткен болатын. Кейін Қаратау аудандық сотының шешімімен өз лауазымына қайта оралды.

Сол кезде орталықтың қызметкерлері оның қызметке тағайындалуына жаппай қарсылық танытты. Олар бұл наразылықтарын Нұржан Тұрсынбайдың діни орталықты басқаруға лайық еместігімен түсіндірген еді. Сосын облыстық дін істері басқармасы Қаратау аудандық сотының шешіміне қатысты аппеляциялық шағым түсірді. Облыстық сот істі басқарманың пайдасына шешіп берді. Нұржан Тұрсынбайдың 1 маусымнан бастап 123 күн лажсыз бос жүрген уақытына 643 613 теңге жалақы өндіріп беру шешімі де күшін жойды.

Жәнібек Нұрыш