«Перзентханадан шықпай тұрып-ақ бала-бақшаға тіркелуге болады»

684

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы халыққа қызмет көрсету орталығының №1 қалалық бөлімінің басшысы Өмірзақ Оразбекұлы:

– Перзенті дүниеге келген ата-ана құжат рәсімдеу үшін жүгіретін еді бұрын. Жыл басынан бері пилоттық жоба қолға алыныпты. Осы жөнінде кеңірек тоқталып өтсеңіз…
– Жыл басынан бері «Азаматтарға арналған Үкімет» пен «Ұлттық ақпараттық технология» біріктіріліп, қазір ата-аналарға көрсетілетін қызмет аясы кеңейіп отыр. Жаңадан дүниеге келген сәбилерді тіркеу қызметі проактив әдісі бойынша жаңа пилоттық жоба қолға алынды.
– Ол қалай аталады?
– Ол ПРОТИФ деп аталады. Ол жүйеге үш мемлекеттік мекеме біріктірілген. Перзентханадағы сәбидің анасына смс-хабарлама келеді. Бұл жоба биылғы жылдың басынан басталды. Осы күнге дейін 600-ден астам ата-ана тіркелді. Ол үшін біріншіден смс-хабарлама алу түшін телефон нөміріңізді порталдағы жеке кабинетке тіркеу керек. 1414 хабаралмаға тіркелгеннен кейін смс келеді. Яғни, құттықтау келеді. Сәбиге мемлекеттік қызмет көрсету жасалатыны туралы айтылады. Перзентханадан халыққа қызмет көрсету орталығына келмей-ақ телефонмен үш қызметті алуға болады. Туу туралы куәлік алу, жәрдемақы тағайындау және үшіншісі балабақшаға тіркеу жүргізіледі.
– Хабарлама келгенде қандай да бір жауап жазу керек пе?
– Мемлекеттік органда барлық мәлімет бар. Базада жоқ мәліметті яғни, нәрестенің аты-жөні ата- анасынан сұралады. Алдын ала жәрдемақы алып жүрген болса, банк шотын жазып жіберу керек. Қызметтің барлығы да кезең кезеңімен жүргізіледі. Смс-хабарлама келгенде жауап беріп отырса болғаны. Баланың аты жөнін және есеп шотты жіберсе болғаны.
– Туу туралы куәлікті қалай алады?
– Аталмыш құжат үш күн ішінде дайын болады. Оны халыққа қызмет көрсету орталығына келіп алса болады. Немесе жеткізіп беру қызметі бар. Соны пайдалануға мүмкіндігі бар.
– Бала-бақшаға автоматты түрде кезекке тұру туралы айтып өтсеңіз…
– Телефон арқылы хабарлама келеді. Үйге жақын бала- бақшаның атын, нөмірін смс-ке толтырып жібересіз. Автоматты түрде тіркелгені жөнінде хабарлама келеді. Жәрдемақы тағайындау да оңай, бала-бақшаға тіркелгендей халыққа қызмет көрсету орталығына келмей- ақ жүзеге асыруға болады. Екінші, үшінші баласы болса жәрдемақы алып жүрген ғой, сол шотты жазып жіберсе болды.
– E-gov,kz порталына тіркелу қалай жүзеге асырылады?
– Біріншіден пилоттық жобаға қосылу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына бір рет келіп, телефон нөмірін тіркеп кетуі керек. Жеке кабинетке тіркелуі тиіс. Бұдан кейін барлығы да бақылауда болады. Үш мемлекеттік органда барлық мәліметтер бар.