Жасөспірімдер тәрбиесі мақтаралдықтар үшін басты орында

608

Бүгін Мырзакент кенті А.С.Пушкин атындағы жалпы орта мектебінде  Мақтарал аудандық «Қоғамдық келісім» КММ-нің және мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен, «Рухани жаңғыру және жасөспірімдер тәрбиесі» тақырыбында және жастар арасында тәртіп пен тәрбиені насихаттау мақсатында кездесу өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасбеков және аудандық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы А.Есенбеков, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері мен мектеп директоры қатысты.

Жиында құқықбұзушылықтарды алдын алу, этнос аралық татулықты нығайту, ата-аналарға және ұстаздарға құрмет тақырыптарында әңгіме қозғалды. Мектеп оқушыларымен ауыл тұрғындары өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жиналыс ұйымдастырушыларымен қызу пікір алмасты. Жиын соңында оқушылар дайындаған концерттік бағдарлама қойылды.

Мектеп басшылары ұйымдастыру алқасына алғыстарын білдіріп, осындай іс-шараның көптеп ұйымдастырылуына қолдау білдіретіндігін айтып өтті.