Жасанды шырша… Қылмыс жоқ…

967
Шымкентте шырша қайта қалпына келтірілді

Жасанды шыршадан гөрі тауда өскен табиғи шыршаға құмбылдар жетерлік-тін. Бұрын. Бүгінде заң қатаңдатылған. Жаңа жыл мерекесін айыппұл арқаламай аман есен өткеруді ойлағандар амал жоқ жасанды шыршаға күні түсулі. Бұрындары тау шыршаларын кесіп сатқандар да, пайдаға кенелем деп қолға түсіп айыппұл арқалағандар да көп болатын. Заң шеңберінің тарылғандығы болар шымкенттіктер биылғы жаңа жылда тап осы қылмыс түрінен ада. Жасанды шыршаны місе тұтқан сыңайлы.

Желтоқсан айында ОҚО қызметкерлері мен ОҚО ІІД-нің Жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, балауса қылқан жапырақты ағаш түрлерін заңсыз шабудың, дайындаудың, тасымалдаудың және сатудың алдын-алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

ОҚО ІІД-нің Жергілікті полиция қызметі орман қорғау органдарымен бірлесіп, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласының 60 сауда нүктелері мен базарларында балауса қылқан жапырақты ағаш түрлерін заңсыз жайттарын анықтады.

Шымкент қ. Әл-Фараби ПБ ЖПҚ қызметкерлері белгіленбеген жерде жасанды шыршаларды сатумен айналысқан 3 жайтты анықтады. Полицейлер сатушыларға ескерту жасап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Есесіне тау шыршасын кесіп саудаламақ болғандар жоқ.

Өз кезегінде атап өтер болсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабында «Белгiленбеген орындарда сауда жасау, яғни жергiлiктi атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасау – ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады» деп көрсетілген.