G-Energy Service техникалық қызмет көрсету станциясы ашылды

866

Бүгін Шымкентте G-Energy Service техникалық қызмет көрсету станциясының ашылу салтанаты өтті. Бұл «Газпромнефть – майлайтын материалдар» компаниясының халықаралық деңгейдегі жобасы болып табылады. Аталмыш компания өнімдері елімізде жоғары сұранысқа ие екені белгілі. Шымкенттік темір тұлпар иелері үшін бұл өте маңызды оқиға екені сөзсіз.

G-Energy Service техникалық қызмет көрсету орталығының ашылу салтанатына тұрақты клиенттер мен компания өкілдері, қонақтар қатысты. Автокөлік тақымдаған жүргізушілер үшін жоғары деңгейде қызмет көрсететін мұндай орындар қаламызда жоқтың қасы.

Көптен күткен маңызды шара бастауын алды. Заманауи құралдармен жарақтандырылған техникалық қызмет көрсету орталығы бір мезетте бірнеше клиентке қызмет көрсете алады. G-Energy Service клиенттеріне автокөліктің майын және техникалық сұйықтықтарды жылдам әрі сапалы ауыстырып береді. Компанияның барлық өнімдері жоғары халықаралық сапа стандартына сай. Бұдан бөлек жоғары білікті мамандар автокөліктің кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Вячеслав КОНДРАТЬЕВ,»Газпромнефть-майлау материалдары» компаниясының Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы: «Жүргізушілер қашан май ауыстырып болғанша далада күтіп тұратын уақыттан өтіп кеттік. Біз барлығымыз да жоғары сапалы қызмет алғымыз келеді. Мұнда көліктің майын ауыстырып жатқанда кофе ішіп, теледидар қарап отыруға болады. Осында бір келіп, сапалы қызмет алған клиент келесі жолы басқа гараждарға бармайды. Өйткені онда мұндағыдай жайлылық жоқ. Сондықтан да біз мұнда келушілер жайлы болуы үшін барлық жағдайды жасаймыз».

G-Energy Service техникалық қызмет көрсету орталығы өндірістік және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай келетін құрылғылармен жабдықталған. Шымкенттік жүргізушілер бүгін алғаш рет көлік майын ауыстыруда жоғары сапалы қызмет алуға қол жеткізді.
Спандияр АШИРКУЛОВ, клиент: «Мен бұл орталықтың қызметіне разымын. Қызмет көрсету жоғары деңгейде. Мұнда жайлы әрі ыңғайлы, ал ең бастысы мұнда кәсіби мамандар, өз ісінің білгірлері жұмыс істейді. Менің көлігіме қызмет көрсетіп жатқанда мен теледидар қарап, демалдым. Бұл орталықтың тұрақты клиенті боламын деген ойдамын».

G-Energy Service бағдарламасы осыдан екі жыл бұрын бастау алған болатын. Бүгінде дүние жүзі бойынша темір тұлпар иелерін тәнті етіп үлгерді. Техникалық қызмет көрсету станциялары жуырда ғана Қытай мен Грецияда ашылған болатын. Аталған ел тұрғындары бұл орталықтың жұмысына сенім артқан. Шымкенттегі G-Energy Service компаниясының кешені Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабындағы 73/2 үйде орналасқан. Қазбакалейторг маңайында.