Шымкентте энергетиктер форумы өтті

438

Энергия тапшы бүгінгідей заманда тұрғындарды жайлы өмірмен қамту оңай шаруа емес. Шымкентте өткен энергетиктер форумына жиналған сарапшылар осылай ой түйді.

Әлемнің әйгілі жылумен қамтитын компанияларының, халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері билік өкілдерімен бірлесе отырып, халық саны күн санап өсіп келе жатқан Шымкент жұртшылығын сапалы коммуналдық қызметпен қамту қамын қарастырды.

Жылудың жайы Шымкентте алғаш рет форум деңгейінде көтеріліп отыр. Жиналған сарапшылар ә дегеннен жылу жүйелерінің қазіргі ахуалын сынға алды. Қазақстанға қазір қатты отыннан бас тартып, баламалы қуат көздерінен энергия өндіру қаншалықты тиімді? Бұл ретте сарапшылар пікірі екіге айрылады. Сарапшының бұл пікірін шенеуніктер де қолдап отыр.

Шымкентті сумен қамтып отырған кәсіпорын бүгінде энергия үнемдеуде өзге коммуналшыларға үлгі. Энергия үнемдейтін сорғыларды орнату арқылы мекеме қазір суды өндіруге жұмсалатын қуатты әжептеуір үнемдеп отыр.

Модернизацияның шарапатын абоненттер де сезінетін уақыт жетті.
Модернизациялық шаралар қыруар қаражатты қажет етеді. Халықаралық қаржылық ұйымдар инвестиция құюға дайын екендерін жеткізді.

Заңнамалық құжаттардың жоқтығы да қызметті жетілдіруде кері әсер ететінін саладағылар да жасырмайды. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де осы. 3 мың шақырым жылу жүйесі бар елімізде әлі күнге саланы реттейтін Заң қабылданбаған. Алғашқы Заң жобасы енді ғана талқыланып жатыр. Ол форум қатысушыларына ұсынылды. Келелі жиынның коммуналдық проблемалардан көз аша алмай отырған шымкенттіктердің түйіткілдерін қаншалық тарқататыны уақыт еншісінде.