Аудандық мәслихатқа сайланғандардың барлығы нұротандықтар

794
сайлаудың қорытындысы

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарының бос орнына сайланғандарды жеңісімен құттықтады. Айта өтейік, 25-ші наурызда өңіріміздегі үш ауданда сайлау өтті.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының берген мәліметіне сүйенсек, аудандық мәслихаттардағы босаған депутаттардың орнына сайлау Қазығұрт ауданындағы №15 сайлау округінде, Ордабасы ауданындағы №2 сайлау округі және Сайрам ауданындағы №18 сайлау округінде өтті.

Үш аудан бойынша 13 үміткер тіркеліп, үш аудандық сайлау округі бойынша 7 үміткердің арасынан лайықтыларына  сайлаушылар дауыс берді. Қорытындысын комиссия төрағасының орынбасары  бүгін БАҚ өкілдеріне баяндап берді.

Әмірдин Әлішев, ОҚ облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

  • №15 сайлау  округі бойынша Қазығұрт ауданы мәслихатының депутаты болып-Қожахан Әбілқасым Өмірбайұлы, 1960 ж., Қазығұрт ауданының «Нұ Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары;
  • №2 сайлау округі бойынша Ордабасы ауданы мәслихатының депутаты болып Райымбеков Ғани Ахылбекұлы, 1980 ж., «Нұр Ас Строй» ЖШС-нің директоры, Шымкент қаласының тұрғыны;
  •  №18 сайлау округі бойынша Сайрам ауданы мәслихатының депутаты болып Халмурадов Шамхат Розақұлұлы, 1972 ж., Жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу мен жер кадастры департаментінің бөлім басшысы.

Аудандық мәслихат депутаттығына өткен үш депутат «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Айта кететін жәйт, өзге партиялар сайлауға үміткерлер ұсынбаған. Депутаттық мандат халық қалаулыларына сессияда табыс етіледі.