Ішімдікке масайған күдікті таныстарын пышақтап кетті

432

Шардара АІІБ-нің кезекші бөліміне ауруханадан хабарлама келіп түскен. Онда 38 жастағы азаматша мен 43 жастағы азаматтың пышақталған дене жарақатымен түскені туралы хабарлаған.

Тергеу барысында полицейлер күдікті азамат пен 38 жастағы азаматша спирттік ішімдік ішу барысында араларында жанжал туындап, нәтижесінде пышақпен сол жақ көкірек тұсына тығып алғанын, сол кезде 43 жастағы азамат арасына түсіп ажыратпақшы болған кезде күдікті оның оң жақ көкірек тұсына тығып алғаны анықтады.

Шардара АІІБ-нің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 35 жастағы азамат анықталып, ұсталды. Күдікті қамауда.
Аталған жайт бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы