Жасыл желектің аумағы 13 мың гектарға ұлғаяды

665

Қала аумағындағы жасыл желектің аумағы тағы өсетін болды. «Жасыл аймақ» МКК жұмысшылары 25 гектар тұқымбақта көктемгі егу жұмыстарын бастады. Айтуларынша осы тұқымбақта өсірген көшеттер жасыл аймақтың өзге бөлігіне жерсіндіріледі.

Жоспар бойынша жасыл желектің көлемі 13 мың гектарға дейін ұлғаятын болады.
2009 жылы алғашқы дарағы отырғызылған жасыл аймақтың аумағы бүгінде 5064 гектарға жетті. 2017 жылғы облыс әкімінің шатқал бағдарламасына сай жасыл желектің көлемі 13 мыңға дейін жетеді.

 

Таңсәріден қолдарына кетпен мен шелек ұстаған азаматтар ауа райының қолайлы сәтін пайдаланып, 10 гектарға ағаш тұқымдарын сеуіп шығулары тиіс. Бұдан бөлек, 200 мың арнайы дайындалған терек пен жиденің бұтақтарын жерсіндіреді. Тұқымды күз айында қала көшелерінен жинап, қыс бойы сақтапты. Енді өніп тұрған көшет жерге себіле сала көгеретініне сенімді.

Жұмысшылар «жиденің тұқымын құмға араластырып, қыс бойы сақтадық. Биыл ексек келесі жылы көшет шығады, ал оны алып біз басқа жеқа егеміз» дейді.

Алғашқы дарақ 2009 жылы егілген жасыл аймақтың көлемі 5 мың 64 гектарға жетті. Биыл сала мамандары және 3 мың гектарды игеруді жоспарлап қойыпты. Жалпы 2021 жылға дейін қала аумағы жасыл желекке айналатынына сенімді. Тіпті мұнда аң мен құс қоректенетін жемісі бар ағаштар де егіліпті. Олар алғашқы өнімін беріп үлгерген.

Бүгінде ағаштардың саны 4 млн 200 мыңға жетті. Осыдан үш жыл бұрын егілген 20 гектар алма ағаштары биыл алғашқы жемісін береді. Алмадан бөлек, мұнда өрік, алмұрт ,және жаңғақ ағаштары да егілген яғни, қоғамдық бақ та бар.

Нұрлан Күдерұлы