Жылыжайда көкөніс пен көшеттер өсіріледі

976

Бүгінде кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарға барынша колдау көрсетілуде. Кәсібін ашып табысын шаруашылықтарын кеңейтуге жұмсаған Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылының еңбекқор тұрғындары жылыжайды жайнатып отыр.

 

 

Тұрбат ауылындағы «Сайдусман ата» шаруа қожалығына жаңа жол ашылған. Оны кәсіпкердің өзі салыпты. Тау етегінде орналасқан жылыжайда бүгінде көкөніс көшеттері мен өнімдері өсірілуде. Кәсіпкер бастаған ұжым биыл 1 жарым млн көшет егіп, өңірдегі шаруа қожалықтарының тапсырысын орындауға кірісіпті. “Болгар бұрышының көшеттері қазірдің өзінде егілуде»,-дейді Оғлай Тұрсынова.

Жылы жайдағы жап-жасыл көшеттер көздің жауын алып, жайқалып тұр. Арнайы ыдыстарда жетілдірілген қиярдың ұрығы осыдан 1 ай бұрын себілген екен. Шаруасын алты жыл бұрын қолға алған «Сайдусман ата» шаруа қожалығы үкіметтің қолдауымен жерін тиімді пайдаланып, жылыжай көлемін ұлғайтып отыр.

Шаруалар былтыр екі жарым гектарға қызанақ егіп, одан 210 тонна өнім алған. Биыл бұл көрсеткішті еселемек ниеті бар. Дәл осындай алқапқа қияр отырғызып, күтімнің арқасында 140 тонна қияр жиналды. Өнім республикадағы өңірлерден бөлек Ресейге де жіберілді. Қожалық оған қоса, қарқынды бауды да қолға алмақшы.

Шынар Оразова