Шымкентте 15 жастағы жасөспірім асылып қайтыс болды

1339

Шымкентте 15 жастағы жасөспірім өз үйінде асылып қайтыс болды. Қайғылы оқиға бүгін сәуірдің 16-на түскі сағат 13.30 шамасында  орын алған. Шымкент қаласы Абай аудандық ПБ-не анасы хабар берген.

Самал-3 шағынауданы, Әбдіраманов көшесінде тұратын 2003 жылы туған жасөспірім өз үйінің ауласындағы құрылысы бітпей тұрған үйдің ішінде арқан жіпке асылып қалған көрінеді. Марқұм жасөспірім Шымкент қаласындағы №87 жалпы орта мектебінің 9 сыныбында оқыған.