Шымкентте саябақ маңында адам сүйектері табылды

767

Дендросаябақ маңында табылған адам сүйектері бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнында болған полицейлер құрылыс кезінде табылған адам сүйектерін сараптама жұмыстарына алып кетті. Сол маңда болған куәгерлердің сөзінше, табылған сүйектер шіріп кеткен.

Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылысшылар сұмдық жағдайды алғаш болып байқап, 102-і нөміріне хабар берген. Адам сүйегі табылған учаске жеке кәсіпкерге тиесілі. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір Әл Фараби АІІБ тексеру жұмыстарын жүргізуде.