Тегін шеберлік сабағы өтеді

578
Алаш айнасы

Алқа топтың алдына шығып, елді аузына қаратып шешен тілмен сөйлей білу де үлкен өнер. Қабілетім жоқ, сөйлей алмаймын дер біреулер. Дегенмен шенедік өнерді де үйренуге болады.

Осы орайда «Атамекен» бизнес-мектебі сәуірдің 11-і күні сағат 11.00 «Көпшілік алдында сөйлеу технологиясы» атты шеберлік сабағын өткізгелі отыр. Шешендік өнердің негіздерін біліңіз және көпшілік алдында сенімді сөйлеуді үйреніңіз!

Шеберлік сағатының негізгі ұраны осы. Әрі шеберлік сабағына қатысу тегін. Қазіргі заманда көпшілік алдында лайықты сөйлеу қабілеті табысты адамдардың негізгі факторларының бірі болып табылады.

Қызығушылық танытқан жүздерді көру, қызық сұрақтарға жауап беру, өзін сахнада жайлы сезінуді көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесімен кездесетін әрбір адам армандайды. Сондықтан мұндай мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.