Зейнетақы мен жәрдемақыға ұзын сонар кезек…

570

Шымкент қаласындағы А. Асқаров көшесі бойындағы  банктің бөлімшесінде ұзын сонар кезек. Айдың басындағы үйреншікті көрініс. Азаматтардың бірі зейнетақысына келсе, бірі жәрдемақы алуда.

Бірі зейнеткердің ктіпшасымен алуға үйренсе, қалғандары «карточкаға» өткен. Қалалықтардың мәлімдеуінше айдың бірінші он күндігінде мұнда үнемі осындай кезек.

Қала тұрғыны: «Мен зейнеткермін, жұмыс істеймін. Сондықтан, күтуге мүлдем уақытым жоқ. Алайда кезегім келіп қалады ғой деген үмітпен тұрмын. Ақша керек».

Ал енді кезекте тұрған бір қария «Асығыс емеспін. Зейнетақымыды бүгін алмасам, ертең  де күн бар. Үнемі осы ғой. Етіміз үйреніп кетті», – дейді.