Қошқар ата өзенінің бойындағы 96 нысан бұзылады

811

Өзеннің екі жағалауын абаттандыруды қолға алған жергілікті билік осылай деп мәлімдеді. Айтуларынша соңғы жалдары облыс орталығының демалыс орындарына көптеп көңіл бөлінуде. Бұған дейін қаланың қақ ортасындағы өзеннің бірінші бөлігі көркейсе, енді екінші кезеңдік жұмыстары бастау алған. Жоба бойынша қандай тірліктер атқарылады? Сүрілетін нысандардың орнына не салынбақ?

Киелі өзеннің екі жағалауын абаттандырып, қалалықтардың серуендейтін орнына айналдыру мәселесі көптен бері көтеріліп келгені белгілі. Сөзден іске көшкен билік биыл ерте көктемнен құрылысты бастады. «ЛТД тұрмыс» серіктесігінің жұмысшылары өзеннің екі жағалауын 10 метрге дейін ашып, ішіндегі қоқыстарды тазартып, жағасын табиғи тастармен қалап жатыр. Жоба құрылысы үш кезеңнен тұрады дейді сала мамандары.

Ордабасы алаңынан бастап, Жангелдин көшесіне дейінгі аумақта бұзылуға жататын нысандардың саны жүзге жетеді. Оның 21-і құрылыс, 14-і қосымша құрылыс нысаны болса, 28 бос жер телімі, тағы 33-і гараж. Бұлардың барлығы сүріледі. Киелі өзен бастауының маңындағы үйлердің бұзылу, бұзылмауы әлі белгісіз.

Ғабит Мәуленқұлов, қала әкімінің орынбасары: «Үй егелерімен біраз жұмыс жүргізілді. Дегенмен де әлі толық шешім жоқ, қажетілікке қарай белгілі болады».

Қаладағы көлік кептелісін реттеу мақсатынды Қонаев даңғылын созу шешімі қабылданды. Жолды кеңейту барысында 73 нысан бұзылады. Сол құрылыстың 33-іойынша мәселе шешіліп, егелерімен келісім жасалып үлгерген. Кейбірінің мәселесі сотта қаралып жатыр.

Нұрлан Күдерұлы