Әлеуметтік желіге мәлімет жариялағаны үшін сотқа берді

583
Molbulak.ru

Жекеше айыптаушы Г.Ж. Төлеби аудандық сотына айыпталушы А.А.-ны жалған ақпаратты таратып, қадір қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келетін және жеке өмірі туралы мәліметті оның келісімінсіз заңсыз жинап, әлеуметтік желіге жариялағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шағымдарын берген, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот жекеше айыптау ісін мәні бойынша қарап, 02.05.2018 жылғы үкімімен айыпталушы А.А.-ны ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабының 2-бөлігі, 147-бабының 2-бөлігі, 130-бабының 2,3-бөліктерінде көзделген қылмыстарды жасауда кінәсіз деп танып, оның әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтау үкімін шығарды.