“Өмірдегі ең басты нәрсе…”

1337
Төлеби Жастар Ресурстық Орталығы

Жастар мен жасөспірімдердің ата-анамен қарым-қатынасын жақсарту, келеңсіз жат қылықтар мен аутодеструктивті оқиғалардың және ерте жүктіліктің алдын-алу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Көпті көрген көнекөз қариялардың тәлімді тәрбиеге толы ғибратты әңгімелері жастарға рухани азық болатыны анық.

Төлеби аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының ұйымдастыруымен Кемеқалған ауылдық округіндегі Ақбастау ЖОМ-де “Өмірдегі ең басты нәрсе…” атты дөңгелек үстел өткізілді.

Бұдан бөлек аталмыш жиын Тасарық, Қаратөбе, Киелітас, Алатау, Көксәйек ауылдық округінде, Ленгер қаласында да ұйымдастырылды. Жастарға мағынасы терең, ойларына ой қосатын «Анаға апарар жол» киносы көрсетілді. Алдағы уақытта да тәрбиелік мәні бар мұндай кездесулерді ауданға қарасты өзге де ауылдарда өткізу жоспарда бар.

Айназ Бейімбет